今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көкшетауда BMW мен Skoda соғылып, бір адам қаза тапты

21 九月 2021 01:50

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 20 қыркүйекте сағат 19:15 шамасында болған. Ш.Уәлиханов көшесімен шығыс бағытта жүріп келе жатқан BMW-520 көлігі Сәдуақасов көшесінде бағдаршамның тыйым салатын сары түсіне өтіп кетіп, қарсы бағытта сол жаққа бұрылмақшы болған «Skoda Felicia» көлігіне соғылған. Ол аударылып қалған.

«Жол апаты салдарынан «Skoda Felicia» көлігіндегі жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, ал жүргізушісі түрлі дене жарақатымен Ақмола облыстық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі кезде, кінәлі жүргізушіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы «көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы ҚазАқпарат тілшісінің сауалына.



回到顶部