今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көкшетауда құрылысшы бесінші қабаттан құлап кетті

2 十二月 2021 16:15

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында еңбекті қорғау ережелерін бұзу оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 30 қарашада Көкшетау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны облыстық ауруханаға жеткізілгені туралы хабар түсті.

«Ер адам «жабық ми жарақаты, сол жақтағы 6-шы қабырғаның сынуы» диагнозымен ауруханаға түсті. Жедел-тергеу тобы оның 30 қараша күні жаңадан салынып жатқан көп пәтерлі тұрғын үйдің 5-қабатынан құлағанын анықтады. Осы жағдайға байланысты Қылмыстық кодекстің 156-шы бабының 1-ші бөлігі «еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Тексеру жүргізіледі» - деді ведомстводан.


回到顶部