今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қор нарығында доллар арзандап жатыр

21 十月 2021 11:53

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы тағы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 20 қазан кешімен салыстырғанда 0,46 теңгеге құлдырап, 1 доллар 425, 54 теңге болды.

Ұлттық банктің 21 қазандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 425,95 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 425,5 теңге, сатып алу – 426, 4 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 425, 2 теңгеден болса, сатып алу құны – 426, 7 теңге.


回到顶部