今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирустың қауіпті делінген жаңа нұсқасы басқа елдерден табылып жатыр

28 十一月 2021 13:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Осы айда ОАР-да анықталған және кеше «Омикрон» деген атау берілген коронавирустың жаңа мутациясы Африкадан тыс барлық жаңа елдерде кездесіп жатыр. Ұлыбританияда екі жағдай анықталғаннан кейін, үкімет эпидемияға қарсы шараларды күшейтетінін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Сенбі күні Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон шұғыл баспасөз мәслихатында эпидемияға қарсы шараларды уақытша (үш аптаға дейін) қатаңдататынын жариялады. Атап айтқанда, бұдан былай шет елден келетін кез келген азамат ПТР тестінің теріс нәтижесі шыққанға дейін оқшаулануы керек.
Сарапшылардың пікірінше, вирустың соңғы мутациясы бастапқы нұсқамен салыстырғанда айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған, сондықтан ол вакцинаға төзімді болуы мүмкін. Фармацевтикалық компаниялар қазірдің өзінде «Омикронды» зерттеп, онымен күресудің жолдарын табуға тырысып жатқанын хабарлады.

Еске салсақ, Оңтүстік Африка Республикасында коронавирустың 1.1.529 атауы бар жаңа мутациясы анықталған еді.

Бұл нұсқа бұрынғыларға қарағанда әлдеқайда жұқпалы және вакциналардың оған әсері тиімсіз болуы әбден мүмкін екендігі айтылды. Коронавирустың қауіпті делінген жаңа штамына «Омикрон» деген атау берілді.


回到顶部