今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанайда коронавирус жұқтыру көрсеткіші 8,4% артты

21 十月 2021 21:07

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында эпидемиологиялық ахуалдың нашарлағаны байқалады. Оның себептерінің бірі – халықты вакциналау белсенділігінің төмендігінде. Бұл туралы аймақ әкімі Архимед Мұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен КВИ-дің таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті.

«Мониторинг топтарының жұмысы қаралды. Биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап мониторинг топтары 2 661 рейд өткізді, 122 карантин талаптарының бұзылу фактісі анықталды. Өкінішке қарай, эпидемиологиялық жағдайдың нашарлағаны байқалады. Сонымен, өткен аптада аурушаңдық (13-19 қазан аралығында – 735 жағдай) алдыңғы аптамен салыстырғанда (6-12 қазан аралығында – 678 жағдай) 8,4% артты. Қазіргі уақытта төсек-орындар жүктемесі 39% құрайды. 643 адам ем қабылдап жатыр, 1 қазанда 600 адам болған еді, өсім - 7,2%», - деп хабарлады А.Мұхамбетов өзінің Instagram парақшасында.

Өңір басшысы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын халықты вакциналау көрсеткіштерінің төмен болуымен байланыстырады.

«Қазіргі уақытта вакцинаның бірінші компонентімен 324,3 мың адам немесе халықтың 64,2% екпе егілді. Оның ішінде 300,6 адам немесе 59,5% екінші компонентпен вакциналанған», - деді А.Мұхамбетов.

Еске сала кетейік, бұған дейін аймақта КВИ жұқтырған жүкті әйелдердің саны көбейгені туралы хабарланған еді.

Дәрігер пандемия кезінде жүкті әйелдерге арналған алдын алу шаралары туралы айтқан болатын.


回到顶部