今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қытай орбиталық станция құрылысын жүргізуге ғарыш кемесін ұшырды

17 六月 2021 09:25

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Бортында үш ғарышкері бар «Шэньчжоу-12» басқарылатын ғарыш кемесі бейсенбі күні таңертең Қытайдың солтүстік-батысындағы Гоби шөліндегі «Цзюцюань» ғарыш айлағынан ұшырылды. Кеменің ұшырылуының тікелей трансляциясын Қытайдың орталық телеарнасы жасады, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Аппаратты орбитаға шығару үшін CZ-2F тасымалдаушы зымыраны қолданылды. «Шэньчжоу-12-нің» ұшырылуы соңғы бес жылда алғашқы рет болып отыр. Соңғы басқарылатын ғарыш миссиясы 2016 жылы жүзеге асырылған.

«Шэньчжоу-12» басқарылатын ғарыш кемесі «Цзюцюань» ғарыш айлағынан 17 маусым күні жергілікті уақыт бойынша сағат 09:22-де ұшырылды.

Миссияның басты мақсаты – қытайлық ғарыш станциясының орбитадағы жұмыстарына қызмет көрсетіп, тестілеу өткізу.

Орбитаға шыққанан кейін ғарыш кемесі автоматты түрде «Тяньхэ» ғарыш станциясының негізгі модуліне жақындап, онымен түйіседі. Нәтижесінде осы модульмен және «Тяньчжоу-2» жүк кемесімен орбиталық кешен құрады. Одан кейін «Шэньчжоу-12» кемесінің бортындағы ғарышкерлер негізгі модульге ауысып, орбитада үш ай мерзімге қалады.

Ғарыш айлағына арналған «Тяньхэ» базалық модулі ғарышқа осы жылдың сәуірінде, «Тяньчжоу-2» жүк кемесі мамырында жіберілген.


关键词: Қытай, Әлем, Ғарыш,
回到顶部