今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қытайдағы жойқын жарылыс: 11 адам мерт болып, 133-і  адам зардап шекті

13 六月 2021 12:00

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Жексенбі күні таңертең Қытайдың Шиянь қаласындағы (Хубэй провинциясы, Орталық Қытай) азық-түлік базарында жойқын жарылыс болды. Салдарынан кемінде 11 адам опат болды, 133 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қытайдың орталық телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, зардап шеккен 133 адамның 37-сінің жағдайы ауыр.

Алдын ала нұсқаларға сәйкес, төтенше жағдайға газдың кемуі себеп болуы мүмкін. Жарылыс Чжанвань ауданында жергілікті уақыт бойынша сағат 06:30 шамасында болған. Жарылыс салдарынан базардың ғимараты қирап, сол маңдағы үйлердің әйнектері сынған.

Куәгерлердің айтуынша, уақыттың ерте болғанына қарамастан базарда сатып алушылар көп болған, адамдар жақын маңдағы асханалардан таңғы ас ішіп отырған.

Қалада бірнеше қан құю станциясы жұмыс істеп жатыр. Дәрігерлер мен билік қала тұрғындарын қан құю станцияларына келіп, қан тапсыруға шақырды.

Төтенше жағдай орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.

关键词: Оқиға, Қытай,
回到顶部