今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Маймыл шешегіне қарсы жаппай вакцина алудың қажеті жоқ – ДДСҰ

24 五月 2022 13:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маймыл шешегін жұқтырғандар санының өсуі қазіргі уақытта осы ауруға қарсы жаппай вакциналануды қажет етпейді. Бұл туралы ДДСҰ өкілі Ричард Пибоди мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Пибодидің айтуынша, әлемде маймыл шешегіне қарсы вакциналар қоры өте шектеулі. Алайда, бұл кезеңде халықты белсенді түрде вакциналаудың қажеті жоқ. Аурудан қорғану үшін қажетті гигиена ережелерін сақтау жеткілікті.

Маймыл шешегі өткен айда Батыс Еуропа елдерінде тарала бастады. Бүгінгі таңда ЕО елдерінде аталған ауруды жұқтырудың 67 жағдайы тіркелген. Маймыл шешегін жұқтырудың алғашқы жағдайлары Еуропадан тыс жерлерде, Аустралияда, Канадада, АҚШ-та тіркелген.

Сарапшылар шешек ауруына қарсы бұрынғы вакцинация маймыл шешегінен біршама қорғайтынын атап өтті. Бұл жағдайда маймыл шешегіне қарсы арнайы емдеу әдісі немесе вакцина жоқ.


回到顶部