今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Мен әлі өзімнің ең мықты соққымды жасаған жоқпын – Жәнібек Әлімханұлы

22 五月 2022 09:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) британиялық Дэнни Дигнуммен (14-1-1, 8 КО) кездесуден соң мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мен өзімнің жанкүйерлеріме көп алғыс айтамын, қолдау көрсеткендеріңіз үшін рахмет! Сіздер маған қаншалықты зор қолдау көрсетілгенін көрдіңіздер. Алайда мен өзімнің ең мықты соққымды көрсеткен жоқпын. Оны келесі кездесуде тамашалайтын боласыздар!»,-деді Жәнібек.

Сондай-ақ ол кездесуден соң Головкинмен кездесу туралы сауалға да жауап берді.

«Головкин «мексика стилін» көрсеткісі келетінін айтатын. Ал сен бізге «қазақ стилін» көрсеттің. Головкинмен кездескің келмей ма ?» - деген сауал қойды жүргізуші Жәнібекке.

«Мен қашанда әлемге «қазақ стилі» қандай болатынын көрсеткім келген. Қазақ салтында жастар үлкенге қарсы шықпайды. Мүмкін ол супер жартылай салмаққа көшер, ал мен орта салмақ дивизионындағы барлық атақтарымды жинайтын едім»,-деді Жәнібек Әлімханұлы.

Айта кетейік, бүгін Жәнібек Әлімханұлы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша таң ата Лас-Вегаста британиялық Дэнни Дигнумға қарсы кездесу өткізіп, оны екінші раундта нокаутқа жіберді. Осылайша, Жәнібек WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы «уақытша» чемпион атағын жеңіп алды.


关键词: Бокс, Спорт,
回到顶部