今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мұхтар Тілеуберді АҚШ-тың Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілімен кездесті

14 六月 2021 13:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ-тың Ауғанстанды бітістіру жөніндегі арнайы өкілі Залил Халилзадты қабылдады.

Кездесу барысында тараптар Ауғанстандағы ағымдағы жағдайды және ауғанаралық диалогты жолға қою процесін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Ауғанстанды дамытуға, оның ішінде Орталық Азия мен Америка Құрама Штаттары арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі тетігіне айналған С5+1 форматы шеңберінде жәрдемдесу бойынша күш-жігерін салуды жалғастырады», - деп мәлімдеді кездесуде М.Тілеуберді.

Тараптар ауған бағытындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.












回到顶部