今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Найзағай, дауыл, бұршақ: 18-19 маусымда елордада күн бұзылады

17 六月 2021 18:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті шаһар тұрғындарына ескерту жасады.

18 маусым күні «Қазгидромет» РМК деректері бойынша күндіз дауыл тұрады және бұршақ жауады.

18 маусым - күндіз, 19 маусым - тәулік бойы қалада найзағай жарқылдайды.

Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады.

Осы екі күн бойы жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

19 маусым күндіз ауа температурасы +15 +17 градусқа дейін күрт төмендейді.


回到顶部