今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Назарбаев мектебін бітірген әрбір төртінші түлек Назарбаев Университетіне түскен

27 九月 2021 18:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кездесуде Елбасыға еліміздегі зияткерлік мектептердің қазіргі жағдайы мен алдағы даму жоспары туралы баяндалды, деп хабарлайды Elbasy.kz.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті 2008 жылдан бері республика бойынша жиырмадан астам жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылып, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған балалар үшін үлкен демеу болғанын атап өтті.

Осыған дейін бұл мектептерді 14,5 мыңнан астам бала бітіріп, оның әрбір төртіншісі Назарбаев Университетіне қабылданды.

2021 жылдың өзінде Назарбаев Зияткерлік мектептері түлектерінің 29 пайызы Назарбаев Университетіне, ал 78 бала әлемнің ең озық университеттеріне түсті.

К.Шәмшидинова PISA-2018 халықаралық зерттеуінің нәтижесі бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептері дүние жүзінде математикадан - үшінші орында, жаратылыстанудан - бесінші орында тұрғанын, оқу сауаты бойынша - тоғызыншы орында екенін айтты.

Сондай-ақ Елбасыға зияткерлік мектеп оқушыларының халықаралық олимпиадаларда қол жеткізген жетістіктері туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Түркістандағы Назарбаев Зияткерлік мектебі құрылысының аяқталу барысы, оқытудың жаңа әдістемелерін енгізу және еліміздегі басқа да оқу орындарына Назарбаев Зияткерлік мектебі тәжірибесін тарату бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндалды.


回到顶部