今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанда Есіл және Ақбұлақ өзендерінің аумағы қоқыстан тазартылды

6 五月 2021 10:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы «ЖасНұр» МКҚК-мен бірлесіп жыл сайын қаланың өзендері мен су қоймаларының аумағын тазарту жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі уақытта экологиялық айлық аясында бұл жұмыстар күшейтілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Есіл өзенінің 20 км-ге жуық, Ақбұлақ – 7 км, Сарыбұлақ – 4,5 км аумағын санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілді.

Есіл өзені мен оның аумағынан мамандар 7 тоннадан астам қоқыс жинады.

«Біз қаладағы барлық учаскелерді таза ұстауға тырысамыз. Бірақ көп нәрсе елорда тұрғындары мен қонақтарының өздеріне, олардың табиғатқа, аулаға, көшеге деген құрметіне байланысты. Тұрғындар, ұйымдар, компаниялар өз тарапынан көмек көрсетіп, қаламызға ұқыпты қарауы керек. Қала бойынша барлық жерде қоқыс жинауға, шығаруға арналған орындар бар, тек арнайы бөлінген орынға апару немесе апару қажет», - деп атап өтті тиісті басқарма.




Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Сарыбұлақ өзенінің жағасын Қарасай батыр көшесінен Н.Тілендиев көшесіне дейін, яғни 2,5 км аумақ қоқыстан тазартылған болатын. Санитарлық тазалық барысында 70 қаптан астам қоқыс жиналды, оның негізгі бөлігі тұрмыстық қалдықтар мен полимерлер болды.




















回到顶部