今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұрлан Ноғаев: Маңғыстаудағы өзекті мәселелер жүйелі түрде шешілуі тиіс

19 九月 2021 05:21

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау өңірінің басшысы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесуде кәсіпкерлер палатасының іскерлік ортасын жақсарту, бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері қаралған.

Кеңес отырысына Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің төрағасы Еділ Жаңбыршин, Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев, өңірлік кеңестің, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Бүгінде облыста 54 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, ал жұмыспен қамтылған халық саны 116 876 адам.

Жыл басынан бері өңір экономикасына 291,4 млрд теңге инвестиция тартылды, оның 50% - дан астамы шағын және орта бизнеске тиесілі.

Елдегі орын алған пандемияның күрделі жағдайына қарамастан Үкімет қабылдаған тиімді іс-шаралардың арқасында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өзгерістер байқалады.

Кездесу барысында кәсіпкерлер шешуді қажет ететін бірқатар мәселені ортаға салды. Бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланыс, ауыл шаруашылығы, іскерлік ортаны жақсарту және әкімшілік тарапынан туындайтын кедергіні жою мәселесі талқыланды. Жиын соңында көтерілген мәселелер бойынша Нұрлан Ноғаев бірқатар жауапты тұлғаға нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, кәсіпкерлердің өтініші бойынша бизнес субъектілерінің «бір терезе» қағидатын оңтайландыру мақсатында Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасын «Атамекен» ӨКП ғимаратына көшіру туралы шешім қабылданды.

« Мен сіздердің белсенділіктеріңіз үшін алғыс айтқым келеді. Бәріміз бірлесіп өңірдегі бизнес ортаны дамытуға оң серпін бере алатынымызға сенімдімін. Жергілікті атқарушы органның өзекті мәселелерді шешуге арналған жоспары бар. Алғашқы аппараттық жиында тұрғындарды ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету, қыс мезгіліне шаруаларға жем-шөп базасын дайындау, жылыту маусымына дайындық мәселелері мен өңірдің эпидемиологиялық ахуалы көтерілді. Бізде «Қазақстан темір жолы» және жем өндірушілермен келісім шар жасақталған. Ауыз сумен қамтамасыз ету жағдайын жақсарту және басқа да мәселелер бойынша ұсыныс бар. Менің ойымша, әрбір мәселе жүйелі түрде шешілуі тиіс, біз «өрт сөндірумен» айналыспауымыз керек, - деп қорытындылады Нұрлан Ноғаев.
回到顶部