今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Өскеменде азық-түлік бағасына бақылау күшейтілді

18 一月 2022 15:50

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында азық-түлік бағасына бақылау күшейтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық кәсіпкерлік бөлімінің мәліметіне сүйенсек, Өскеменде азық-түлік бағасына апта сайын мониторинг жүргізілуде. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік санатына жеміс-жидек пен көкөністі қосқанда 19 түрлі өнім кіреді.

«Төтенше жағдай кезінде азық-түлік бағасы көтерілмеген. Барлық әлеуметтік маңызы бар тауарлар қолжетімді, ешқандай тапшылық жоқ. Бағаны бақылау жұмыстары алдағы уақытта да үздіксіз жүргізіледі», - деді бөлім басшысы Ғасан Тұрғанбаев.

Оның айтуынша, биыл шаһар бойынша тұрақтандыру қорының пунктері көбейтілмек.

«Қазіргі уақытта осындай 16 пункт бар. Қаңтар айының соңына дейін тағы бірнеше пункт пайдалануға беріледі. Ал жалпы жыл аяғына дейін тұрақтандыру қоры нысандарының жалпы санын 50-ге жеткізу жоспарланып отыр», - деді Ғ.Тұрғанбаев.


回到顶部