今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өскеменде жексенбі күні саяжайларға баратын автобустар қатынайтын болады

5 八月 2021 22:27

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында жексенбі күні саяжайларға баратын автобустар қатынайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейтіндігі туралы хабарланған болатын. Бұл шаһар бойынша коронавирус жұқтыру фактілерінің көбейіп кеткендігіне байланысты қабылданған шара.

Десе де жексенбі күні тұрғындарға саяжайларына автобуспен жетуге мүмкіндік бар. Бұл жайлы қалалық Жолаушылар тасымалын басқару орталығының директоры Әби Әлменбетов мәлім етті.

«Саяжайларға қатынайтын № 4а, 7а, 13а, 25а, 53, 54, 351, 352, 356, 357 және 417 бағытындағы автобустар жексенбі күні сағат 14.00 -ден 20.00 -ге дейін жұмыс істейді. Осылайша, азаматтар өз саяжайларына қарай жұма күні кетіп, жексенбіде қалаға қайтып келе алады», - деді ол.


回到顶部