今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өзбекстанда балалар арасында коронавирус жұқтыру жиілеп кетті

20 十月 2021 15:12

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанда балалар арасында коронавирус жұқтыру саны артып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы екі айда 14 жастан асқан балалар елдегі ауырғандар саны бойынша үшінші орынға шықты.

Қыркүйек және қазан айларындағы статистикаға сәйкес, 60 жастан асқан тұлғалар барлық науқастанғандардың жалпы санының 20 пайызын құрады, 30-39 жастағылар – 19%; 14 жасқа дейінгілер - 16 %; 20-29 жастағылар - 14 %; 40-49 жастағылар – 13%; 50-59 жастағылар - 12%; 15-19 жас аралығындағылар – 6%.

«Қазіргі кезде № 1 және № 2 Зәңгіата инфекциялық ауруханаларында ауыр халде жатқан 333 адам және өте ауыр жағдайда жатқан 224 адам ем алып жатыр. Бұл мекемелердегі науқастардың 172-сі – балалар», - деп хабарлайды ӨР Денсаулық сақтау министрлігінен.



Авторы Мәдибек Жәнібеков


回到顶部