今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өзбекстанда вакцина алғандарға анықтама беру сервисі іске қосылды

15 四月 2021 19:03

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – COVID-19-ға қарсы вакцина алған Өзбекстан тұрғындары енді Мемлекеттік қызметтердің бірыңғай порталынан анықтама ала отырып, өз мәртебесін растай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Вакцина салғаны туралы анықтама алуға қатымты тиісті қызмет my.gov.uz сайтында іске қосылды. Қызметті пайдалану үшін Мемлекеттік қызметтердің интерактивті бірыңғай порталына тіркелу жеткілікті.

Тіркелгеннен кейін «COVID-19-ға қарсы вакциналау мәртебесін тексеру» деген мемлекеттік қызметке өтіп, «Тексеру» батырмасын басу қажет.

Еске сала кетейік, Өзбекстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау 1 сәуірде басталды. Екі апта ішінде 300 мыңнан астам адамға екпе салынған. Халықты вакциналау сәуірде ірі қалаларда, мамырда аудан орталықтары мен шағын қалаларда, маусым айында ауылдық жерлерде жүреді.


Авторы Мәдибек Жәнібеков


回到顶部