今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодар облысы «Ең мейірімді өңір» атағына ие болды

3 十二月 2021 16:12

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - «Қайырымды істер марафоны» ұлттық жобасы аясында ұйымдастырылған «Ең мейірімді» байқауында Павлодар облысы «Ең мейірімді өңір» атағына ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған жоба аясында Шығыс Қазақстан облысы II орын алса, Қарағанды облысы жүлделі III орын иеленді.

Павлодар облысы бұл марапатқа өңірде қайрымдылық шараларының өте көп ұйымдастырылуының арқасында ие болып отыр.

Еске сала кетейік, «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асып жатыр.

Жобаның басты мақсаттарының бірі – жақсылыққа жаны құмар адамдарды біріктіру және ұйымдастыру, қоғам мен адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік беретін, жомарттық пен жақсылық идеясына негізделген қоғам құру.


回到顶部