今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов қызметінен босатылды

17 一月 2022 11:01

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысы полиция департаменті бастығының міндетін Жасқайрат Қайыров атқарып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Нұрлан Мырзаханұлы Мәсімов Павлодар облысының полиция департаментінің бастығы қызметінен босатылды. Ол өзі қызметтен босату жөнінде рапорт берген», - деп хабарлады облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, Павлодар облысы ІІД бастығының міндетін полиция полковнигі Жасқайрат Иманбекұлы Қайыров атқарып отыр.


回到顶部