今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Пермь университетіндегі атыс: қаза тапқандар саны 8 адамға жетті

20 九月 2021 14:35

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейдің Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде атыс салдарынан қаза болғандар саны 8 адамға жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Атыс салдарынан сегіз адам қаза тауып, тағы бірнешеуі зардап шеккен», - деп нақтылады агенттік сүйенген дереккөз.

Ведомство мәліметінше, университет аумағында оқ жаудырған – студент. Оның есімі анықталды. Ұстау кезінде қарсылық танытқан ол жарақат алды.

Атыс фактісі бойынша екі және одан көп адамды өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Оның Тергеу комитетінің орталық аппараты тергейтін болады.

Аймақ прокуратурасының хабарлауынша, оқиға орнына Пермь өлкесінің прокуроры Павел Бухтояров аттанды. Ол атыс болған жерде тексеру жүргізіп жатқан құқыққорғау және басқа ведомстволардың жұмысын үйлестіріп, қадағалайды.


关键词: Ресей, Оқиға,
回到顶部