今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Петропавл әуежайы 10 желтоқсаннан бастап жұмысын тоқтатуы мүмкін

1 十二月 2021 16:38

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавл әуежайының жарамдылық сертификаты 10 желтоқсаннан бастап тоқтатылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Qazaq Air» әуе компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанның Авиация әкімшілігі Петропавл әуежайының жарамдылық сертификатын 10 желтоқсаннан бастап тоқтатуға шешім шығарды.

«Qazaq Air» әуе компаниясы IQ437 және IQ438 рейстерінің 10-31 желтоқсан аралығында ұшпайтынын хабарлады. Оған дейін компания Петропавлға рейстер жасайды, бұл жайында барлық жолаушыға ескертілген.

«Жолаушылар, сондай-ақ билет құнын толық мөлшерде қайтара алады. Егер де билетті әуе компаниясында сатып алған болса, онда info@flyqazaq.com электронды поштасы арқылы хабарласу қажет. Өтінішпен бірге брондау нөмірін және байланыс деректерін жіберу керек. Ал билет агенттікте алынған жағдайда, ақшасын сол жерден қайтарып алуға болады.

Келтірілген уақытша ыңғайсыздық үшін кешірім сұраймыз. Жарамдылық сертификатының 10 желтоқсаннан кейін мерзімі ұзартылған жағдайда бұл туралы компания сайтында ақпарат береміз», - делінген хабарламада.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі де Петропавл әуежайына қатысты ресми жауап берді.

«Петропавл қалалық әуежайының Қазақстанның Авиация әкімшілігі 6 тамыз 2021 жылы бір жылға берген жарамдылық сертификаты бар. Аэродромды пайдаланушы мен Қазақстанның Авиация әкімшілігі жүргізген сертификаттау қорытындысы бойынша анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша түзету әрекетінің жоспары құрылды. Қазіргі уақытта Qazaq Air және СКАТ әуекомпанияларының рейстері Петропавлға және Петропавлдан штаттық режимде ұшып жатыр», - делінген жауапта.



回到顶部