今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Петропавл көшесінде жалаңаш жүрген ер адам сотталды

2 十二月 2021 11:02

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда көшеге тыр жалаңаш шыққан ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде Петропавлдағы Ойқала ықшам ауданында күндіз тыр жалаңаш жүгірген ер адамның бейнежазбасы пайда болды.

Полицейлер құқық бұзушыны ұстады. Ол 35 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Есірткіге еліткен ер адамға «Ұсақ бұзақылық» бойынша материал жиналып, іс сотқа жіберілді.

Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты 29 қараша күні 1986 жылы туған Петропавл тұрғынына қатысты істі қарады. Құқық бұзушы өз кінәсін мойындады.

Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 10 күнге әкімшілік қамауға алуға үкім шығарды.


回到顶部