今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Петропавлда 3 мұғалімнен коронавирус анықталған мектеп қашықтан оқуға көшірілді

15 四月 2021 18:18

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда М.Айтқожин атындағы № 1-ші орта мектеп 5 оқушы және 3 мұғалімнің коронавирусты жұқтыруына байланысты қашықтан оқуға көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавлдағы М.Айтқожин атындағы № 1-ші орта мектепте коронавирус жұқтырған алғашқы баланы медициналық қызметкер оқушыларды тексеріп жатып анықтаған. 9-сынып оқушысында тұмау белгісі болған. Бірден ата-анасына хабарлап, емдеу мекемесіне жөнелген.

Көктемгі демалыстан кейін оқушылар екі күн оқып, ауыра бастаған. Осылайша мектептің екі 9-сыныбында, 8-ші және 1-ші сыныптарында вирус жұқтырған балалар анықталды. Осы сыныптарда сабақ берген 3 мұғалімнің де ауырғаны белгілі болды.

«Балалар үйлерінен, отбасында жұқтырып келген. Оларда негізінен ауру белгілері болған жоқ. Қауіпті вирус әрі қарай таралмауы үшін санитариялық дәрігерлер осындай шешім шығарды. Екі аптаға мектеп карантинге жабылды, бірақ біз сабақты қашықтан жалғастырамыз», - дейді мектеп директоры Алексей Курленя.

Биыл жыл басынан СҚО-да 419 оқушыда коронавирус тіркелді. Олардың 130-ы қашықтан оқу барысында отбасында жұқтырған. Ауырған мұғалімдер саны – 136-ы, олардың 95-і штаттық режимде сабақ берген.



回到顶部