今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Полиция қызметкерлері болмағанда, өлер едім – Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде жарақат алған әйел

17 一月 2022 22:08

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық полицейлер жаппай тәртіпсіздік кезінде жарақат алған әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматылық Шолпан Бегайдарованың айтуынша, Назарбаев пен Абай даңғылдарының қиылысында оның көлігіне террористер оқ жаудырған.

Жарақат алған әйел айғайлап, көмек сұраған.


«Сол кезде арнайы жасақ жаныма келді. Олар мені тез көтеріп, шағын автобусқа отырғызды. Ол жерде менің қолымнан ұстап, есімді жиғызып, сөйлесіп отырған бір жігіт болды. Ол маған өмір сүресің деді. Олардың бет-әлпеті есімде қалмады, барлығы бетперде мен бас киім киіп алған. Олар болмаған да, көлікте қиналып өлетін едім», – дейді Шолпан Бегайдарова.

Кейін белгілі болғанындай әйелді полицияның арнайы жасақ қызметкерлері құтқарған екен.

«Біз топ болып Абай даңғылының бойымен батыс бағытта келе жатып, көшенің арғы бетінде қаптаған адамдарды байқадық. Басында бүлікшілер жиналып, көліктегі адамдарды тонап жатыр екен деп ойладық. Жақындап келгенде, жарақат алған қызды көрдік, ол өз көлігінде қансырап жатты. Ең алдымен жгутты байлап, қанды тоқтаттық. Тез әрекет ету керек болды. Уақытты босқа өткізбей, өзіміз жақын маңдағы ауруханаға апарып тастадық. Осы күнге дейін оның жағдайы қалай екен деген сұрақпен жүрдік. Бүгін қыздың ауруханадан шыққанын және оның жазылып келе жатқанын білдік. Шын жүректен қуаныштымыз. Шолпанның тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз», – деді полиция қызметкері.Полиция қызметкерлері болмағанда, өлер едім – Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде жарақат алған әйел



回到顶部