今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Прагада Қазақстан халқы Ассамбеясының жетістігіне арналған дөңгелек үстел өтті

13 五月 2021 15:15

ПРАГА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Чехиядағы ҚР Елшілігі Ұлттық академиялық кітапханамен (Нұр-Сұлтан) бірлесіп, онлайн форматта мемлекеттік органдардың, ғылыми-сараптамалық топтар, БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан халқы Ассамблеясы, тұрақтылық пен өркендеу факторы ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазақстан Республикасының Чехиядағы Елшілігіне сілтеме жасап хабарлайды

Дипломаттар өз сөздерінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстанда тұратын барлық этностарды біріктіретін бірегей институт екендігін және бүгінгі күні елімізде азаматтарға өз мәдениетін, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтау үшін барлық жағдайлар мен тең мүмкіндіктер жасалғандығын атап өтті. Сондай-ақ Ассамблеяның халықаралық қоғамдастыққа үлкен ықпал ететіндігін, барлық этнос өкілдерінің ауқымды жұмысы бейбітшілік, тыныштық пен тұрақтылыққа бағытталғандығын айтты.

Өз кезегінде профессор, «Пражские новости» медиа компаниясының бас директоры Алес Флитчер: «Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан экономика саласында ауқымды нәтижелерге қол жеткізді. Әрине, көптеген елдерде өкінішке орай жетіспейтін тұрақтылық пен тыныштық, бейбітшілік пен ұлтаралық келісім қуатты және өркендеген мемлекет құрудың мызғымас негізі болып табылады. Чехия халқы бұл елмен тікелей таныс, біз көпұлтты қазақ халқына одан әрі өркендеуді шын жүректен тілейміз», - деді.

Чехиялық басылымдардың бас редакторлары С.Плесник пен Р.Януш өз баяндамаларында: «Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысының арқасында елде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі қалыптасқандығына баса тоқталды.Олар «кез келген азамат елдің этникалық немесе діни түріне қарамастан, азаматтық құқықтар мен бостандықтардың иегері және оларды толық пайдаланған болса, бұл демократиялық жүйенің маңызды элементі болып табылатындығын» атап өтті.




Сондай-ақ, дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасу тарихы, Қазақстан мен Чехия халықтары арасындағы достық қатынастардың дамуы, экономиканың жекелеген салаларының қалыптасуы туралы өз пікірлерін бөлісті. Іс-шара барысында екіжақты қатынастарды нығайту тұрғысынан қазақстан-чех сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту перспективалары және басқа да мәселелер талқыланды.

Бас қосу соңында Чехияның еңбек сіңірген әртісі Феликс Словачек қонақтарға арнап саксофонда қазақ шығармаларын орындады. Конференцияға қатысушылар Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, елімізге өркендеу мен сәттілік тіледі.


回到顶部