今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Президенттің Швейцарияға ресми сапарынан бейнеролик жарияланды

30 十一月 2021 22:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Швейцария Конфедерациясына ресми сапары туралы қорытынды бейнеролик жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Видеоны Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook -тегі парақшасында жариялады.

«Женеваға сапар барысында Мемлекет басшысы Швейцарияның Федералдық Президенті Ги Пармеланмен келіссөз жүргізді. Оның қорытындысы бойынша бірқатар үкіметаралық және коммерциялық келісімге қол қойылды.

Сондай-ақ Президент Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының арнаулы сессиясында сөз сөйлейді, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры Татьяна Валоваямен, Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президенті Петер Маурермен, Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен кездесулер өткізді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Швейцария арасындағы инвестиция жөніндегі дөңгелек үстел отырысына қатысты», делінген хабарламада.



回到顶部