今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

РФ Ленинград облысында 314-ші атқыштар дивизиясының қазақстандық жауынгерлеріне ескерткіш орнатылды

7 五月 2021 13:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Санкт-Петербургтағы Бас консулы Бауыржан Досманбетов елімізде құрылған 314-ші атқыштар дивизиясы жауынгерлеріне арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шара Ресей Федерациясының Ленинград облысы Лодейное Поле қаласындағы мемориалдық кешеннің Даңқ аллеясында өтті. Ескерткіштің етегіне «Майдан жолы» қозғалысының іздеушілері қазақстандық жердің бір уыс топырағымен капсула қойды.

Аталған рәсім Петропавл қаласында құрылған дивизияның 80-жылдығына орай ұйымдастырылды. Оның бастапқы құрамының 70%-дан астамы Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары болды. Дивизия құрамына 777 командир, 1 543 кіші командир және 8 611 қатардағы жауынгер кірді.











314-ші атқыштар дивизиясы Қызыл Армияның Ленинград, Волхов және 1-ші Украина майдандарындағы негізгі қорғаныс және шабуыл операцияларына қатысқан болатын. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары оның 3 832 жауынгері ордендермен, ал 4 694 медальдармен марапатталды.

Сондай-ақ, ескерткіштің ашылуы кезінде Қызыл-Орда облысынан шақырылған 1900 жылы туған жауынгер Емберген Асаиновтың мәйітін табыстау рәсімі өтті. Ол Ресейдің «ОПОРА» іздеу тобымен Ленинград облысының Киров ауданынан табылған болатын. Сарбаздың мәйіті әскери құрмет рәсімімен жерлеу үшін Байқоңыр қаласында тұратын немересіне табысталады.








回到顶部