今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сағынтаев алматылықтарды коронавирустан вакцинамен қорғануға шақырды

16 六月 2021 19:48

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алматы» телеарнасындағы Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирі барысында Бақытжан Сағынтаев санитарлық-эпидемиологиялық ахуал және вакцинация қарқыны туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

15 маусымдағы мәліметке сәйкес, коронавирус инфекцияның 112 жағдайы тіркелді, оның ішінде 95 жағдай симптомды және 17 жағдай симптомсыз.

Тәуліктік өсім – 0,1%. Репродуктивті саны – 0,777.

Инфекциялық стационарларда 706 адам, оның ішінде 26 бала жатыр. Оның 26-ның жағдайы өте ауыр, 196-сы ауыр халде, 484-і орташа ауырлық дәрежесінде.

Телемедицина орталығының бақылауында 923 пациент бар, оның ішінде 196-ы симптомсыз, 712-сі жеңіл және 15-і орташа ауырлық дәрежесінде.

«16 маусымдағы жағдай бойынша 351 497 адам вакцина алды, оның ішінде 5 168 полиция қызметкері, 25 427 педагог, 30 630 дәрігер. Жалпы вакцина алғандардың ішінде 39 026-сы - 60 жастан (11,1%) асқан адамдар. Бүгінде 235 107 адамға екі компоненттен вакцина егілді. Алматылықтарды коронавирустан вакцинамен қорғануға шақырамын»,-дейді Алматы әкімі.

Бүгінде медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдени және спорттық мекемелерде, базарларда және қаланың СОСО-да 212 вакциналау пункті жұмыс істейді.

Бұларға 1260 адамнан тұратын 308 екпе бригадасы жұмылдырылған.

回到顶部