今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Семей жасөспірімдері 3 мың Рубик кубигiмен Елбасы портретін жинады

30 十一月 2021 15:29

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласында Kazakhstan Speedcubing Federation командасы алты жарым сағат ішінде 3 мың Рубик кубигiмен Елбасы портретін жинады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Панноның биіктігі 2,8 м және ұзындығы 3,3 м. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай кубик жинаушылар туындыны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арнады.

Команда құрамына 11 сынып оқушылары Ертұрсынов Әлихан, Мырзакәрімов Әмір, сондай-ақ «Елбасы медалі» жобасының қола деңгей қатысушысы Расчетов Павел және колледж студенттері Рахатов Дилмар мен Қазез Жанат кірді.

Бұл – олардың биыл жасаған 4-жұмысы. Бұған дейін олар көрермен қауымға жеңіс күніне орайластырылған Әлия Молдағұлова, ақын-ағартушы Абай Құнанбаев және Әлихан Бөкейхановтың туған күніне арналған панно ұсынған.

Жұмыстардың негізгі мақсаты - Қазақстанда «Спидкубингті» насихаттау.





回到顶部