今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да 101 мың адам дауыс берген әкімдер сайлауының қорытындысы шықты

26 七月 2021 19:09

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында ауыл әкімдерін сайлау қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

25 шілдеде Шығыс Қазақстанда 77 сайлау округі бойынша ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтті. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерсайын Нәбиевтің айтуынша, округтар бойынша сайлаушылар тізіміне 111 мыңнан астам адам енгізілген. Дауыс беруге 101 мыңнан астам адам немесе 90,9 пайызы қатысты. Әкім лауазымына үміткерлер арасында 232 адам болған. Барлық 77 сайлау округінде әкімдер сайланды.

«Оның ішінде 60 адамды Nur Otan партиясы, 11 адамды «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, 2 адамды Adal партиясы және Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы мен Қазақстанның Халық партиясы бір-бір адамнан ұсынды. Бұдан басқа, өзін-өзі ұсыну арқылы екі адам сайланды», - деді Ерсайын Нәбиев.

Ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламалар аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларына жарияланған.


回到顶部