今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да бір күнде 20 мас жүргізуші ұсталды

22 四月 2021 20:50

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бір күн ішінде 20 мас жүргізуші анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 21 сәуірден бастап өңірде жол-көлік оқиғаларының және жол ережелерін бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы өткізілуде.

Бір күн ішінде тәртіп сақшылары жол ережесін бұзудың 1 854 фактісін анықтады. Оның ішінде қоғамдық көліктің 19 жүргізушісі құқық бұзушылық жасаған. Мас күйінде көлік тізгіндеген 20 жүргізуші ұсталды. Қарсы жолаққа шыққаны үшін 12 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 99 жүргізуші жылдамдықты бекітілген шектен асырса, 95-і маневр жасау ережелерін бұзды. Сондай-ақ қауіпсіздік белдігін тақпаған - 250, рульге отырып телефон пайдаланған – 180 адам тіркелген

«Мәселен, Зайсан ауданындағы полицейлер «Volkswagen» маркалы автокөлікті тоқтатқан кезде жүргізушінің ішімдік ішіп алғаны байқалған. Медициналық куәландыруға жеткізілгеннен кейін оның ішімдік ішкені расталды. Аталған факті бойынша ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, автокөлік айыппұл тұрағына жеткізілді», - деді ШҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Талғат Нұриев.

Бұдан бөлек, 345 жаяу жүргінші жол ережелерін бұзған. «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы 23 сәуірге дейін жалғасады.


回到顶部