今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да сел қаупін төндіретін 146 мұздақ көл бар

3 八月 2021 20:19

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «Қазселденқорғау» филиалының мамандары мұздақ көлдерге бақылау жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Қазселденқорғау» филиалының мамандары Риддер қаласындағы Ақ Үбі өзенінің жоғарғы сағасындағы мұздақ көлдерге батиметриялық зерттеу жүргізді.

«Аталған учаскеде осындай 12 көл бар. Мамандар оның 2-ін зерттеп шықты. Олар теңіз деңгейінен 2 мың метр биіктікте орналасқан. Суы көгілдір және мөлдір болғандықтан жартастың түбі көзге анық шалынады. Бұл көлдер қар мен жаңбыр суының еруі нәтижесінде пайда болған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.




Зерттеушілер тау көлдерінің ауданы мен тереңдігін бірнеше жерден өлшеген. Бұл мәліметтер су астындағы рельефті бақылау және су көлемін анықтау үшін қажет. 2 көлдің тереңдігі – 33,6 және 9 метр. Олардың толымдылығы 60% жетпейді.

«Қорыта айтқанда, мамандар қазіргі уақытта мұздың жоқ екендігін, селге қарсы алдын алу шараларын жүргізудің қажеттілігі жоқтығын анықтады. Жалпы өңір тауларында барлығы 13 елді мекенге қауіп төндіретін 146 мұздақ көл бар. Бұл көлдердің басым бөлігі Зайсан, Катонқарағай, Алтай аудандарында және Риддер қаласында орналасқан. Бүгінгі таңда аймақ бойынша жағдай тұрақты. Сел қаупі бар маусым қыркүйек айына дейін созылады», - делінген мәліметте.














回到顶部