今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-дағы өрт: Лесхоз кентінің тұрғындары үшін шұғыл желі жұмыс істей бастады

10 五月 2021 23:31

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы, Төтенше жағдайлар департаменті Лесхоз кентінің тұрғындары үшін қауырт желі жұмыс істей бастағанын хабарлады.

Қазіргі таңда кентте өрт сөндірушілер, орманшылар және жергілікті атқарушы органдар өртпен күресті жалғастыруда.

«Көмекке мұқтаж барлық адамдар 8(7232) 55-38-19 нөміріне қоңырау шала алады, онда психологтар олармен жұмыс істеуге дайын. ШҚО ТЖД Дағдарыс орталығында жедел штаб құрылды»,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет пен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі өрттен зардап шеккен Лесхоз кентінің тұрғындарына көмек көрсетіп, баспанамен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізіп жатқандығы, бұл мәселені Президент бақылауында ұстап отырғандығы хабарланды.


回到顶部