今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Sinovac Biotech компаниясының КВИ-ге қарсы вакцинасы Непалда шұғыл пайдалануға рұқсат алды

15 六月 2021 18:51

КАТМАНДУ. СИНЬХУА – Sinopharm қытай компаниясы әзірлеген вакцинаның артын ала Sinovac Biotech қытай фармацевтикалық корпорациясы шығарған CoronaVac вакцинасы Непалда шұғыл пайдалануға рұқсат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қытайдың Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Непалдың дәрі-дәрмектерді бақылау департаментінің директоры Бхарат Бхаттараи сенбіде Синьхуаға берген сұхбатында Sinovac Biotech компаниясының деректерін зерттегеннен кейін, агенттік CoronaVac вакцинасын шұғыл пайдалануға рұқсат беру туралы шешім қабылдағанын айтты.

Департаменттің коммюникесіне сәйкес, CoronaVac препараты 18 жастан асқан адамдарды иммундау үшін қолданылады.

Непалдың Денсаулық сақтау және халық министрлігінің мәліметінше, елде вакциналардың жетіспеуінен қазіргі уақытта 30 миллион халықтың тек 2 пайызы ғана екі дозада вакцина алды.


回到顶部