今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

20 十月 2021 15:37

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Antıkor ortalyǵy сервистік орталығында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахиннің қатысуымен брифинг өтті.

«Тергеу жүргізілді. Алайда сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша істің мән-жайы ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы бойынша жарияланбайды. Сот үкімі шығуын күтеміз», - дейді Нұрлан Жахин.

Бұған дейін әлеуметтік желіде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының Петропавлдағы емдеу мекемелерінің бірінің директорынан 1 мың АҚШ доллары мөлшерінде пара алғандығы туралы мәлімет жарияланған еді.


回到顶部