今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО сотына жаңа төраға тағайындалды

2 十二月 2021 13:58

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының сотына жаңа төраға тағайындалды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бұл қызметті Ербол Жанғазин атқармақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін СҚО сотының жаңа төрағасын ҚР Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қанат Мусин таныстырды. Іс-шараға облыс әкімі Құмар Ақсақалов, өңірдегі құқық қорғау органының жетекшісі, облыстық және аудандық соттың судьялары қатысты.

Ербол Жанғазин 1961 жылы Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында дүниеге келген. 1987 жылы Қазақ мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. 1995 жылдан бастап Алматы қаласында судья, Алатау аудандық сотының төрағасы, Павлодар облыстық, Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы болып жұмыс істеді.

Ал бұған дейін СҚО сотын басқарған Ерлан Айтжанов Алматы қалалық сотының төрағасы лауазымына тағайындалды.


回到顶部