今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Жаңаөзенде екі балабақша пайдалануға беріледі

13 五月 2021 20:13

ЖАҢАӨЗЕН. ҚазАқпарат- Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Жаңаөзен қаласында 250 орындық екі балабақша пайдалануға беріледі. Бұл туралы Жаңаөзен қаласының әкімі Мақсат Ибағаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, жаңа балабақшалар «Арай» шағын ауданында және Рахат ауылында орналасады.

«Жаңаөзен қаласындағы туу көрсеткішінің жоғары болуына және ішкі көші-қон процестеріне байланысты мектепке дейінгі ұйымдарда орын жетіспейді. Қазір 4 753 мектеп жасына дейінгі бала балабақша кезегінде тұр. Бұл мәселені жою үшін 2021 жылдың басында Рахат ауылы «Мерей» шағын ауданындағы 15 орындық «Самал» жеке балабақшасы ашылды. Жыл соңына дейін тағы 250 орындық 2 жеке балабақшаны пайдалануға беру жоспарланып отыр. Нәтижесінде балабақшамен қамту үлесі 67,6% - дан 70,1% - ға дейін өседі. Қазір 51 балабақшада 7929 бүлдіршін тәрбиеленуде», - деді Мақсат Ибағаров.





回到顶部