今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Теннис: Недовесов Антверпен турнирінің жартылай финалына шықты

21 十月 2021 20:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Антверпен (Бельгия) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

А.Недовесов украиналық Денис Молчановпен бірге әуелі даниялық Фредерик Нильсен - хорватиялық Матей Шабановпен кездесті.

Қазақстандық-украиналық жұп 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Бүгін ширек финалда аргентиналық Федерико Дельбонис - испаниялық Давид Вега-Эрнандеспен кортқа шықты.

Бірінші партияда Недовесов пен Молчанов басымдылық көрсетті - 6:3. Содан кейін аргентиналық-испаниялық жұп матчты жалғастырудан бас тартты.

А.Недовесов пен Д.Молчанов финалға шығу үшін жарыстың 2-ракеткалары, франциялықтар Николя Маю - Фабрис Мартенмен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Мәскеу турнирінің екінші айналымына шыға алмағанын жазған болатынбыз.


作者 Елжан Ералы
关键词: Спорт,
回到顶部