今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Теннисші Ярослава Шведова Уимблдонда өнер көрсетеді

23 五月 2022 23:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Ярослава Шведова америкалық Ваня Кингпен бірге Уимблдон турнирі аясында өтетін Ladies lnvitational Doubles жарысына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, аталмыш додада өз спорттық жолын аяқтаған ойыншылар өнер көрсетеді.

«Мен өте қуаныштымын. Ұлыбританияда Ванямен кездесуді асыға күтемін. Енді лайықты өнер көрсету үшін мықтап жаттығу керек», деді Я.Шведова.

2010 жылы Ярослава мен Ваня «Үлкен дулыға» турнирінің бірі, бай тарихы бар Уимблдон жарысында жеңімпаз атанған еді. Финалда олар ресейліктер Елена Веснина - Вера Звонареваны ұтқан болатын - 7:6, 6:2.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ролан Гаррос турнирінде қазақстандық теннисшілердің алғашқы кездесулерін өткізетінін жазған болатынбыз.

作者 Елжан Ералы
关键词: Спорт,
回到顶部