今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ТМД елдері минадан тазарту бағытында бірлесіп жұмыс істейді

22 九月 2021 11:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен гуманитарлық минасыздандыру инженерлік бөлімшесі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен гуманитарлық минасыздандыру инженерлік бөлімшесі туралы келісім 2020 жылғы 18 желтоқсанда жасалды.

«Келісімнің мақсаты – гуманитарлық минисыздандыру тапсырмаларын орындау үшін бірлескен бөлімшені құру, қолдану, оның қызметін аяқтау тәртібін және мәртебесін айқындау. Бірлескен бөлімшенің негізгі міндеттері – мина алаңдарына және жарылу қаупі бар заттардың болуына техникалық барлау жасау, сондай-ақ оларды минасыздандыру», - деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев.

Оның айтуынша, гуманитарлық минисыздандыру операцияларына қатысу үшін ұлттық инженерлік бөлімшені жіберу туралы шешімді жіберуші тарап өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес қабылдайды.

Келісімде ТМД-ға қатысушы мемлекеттер болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтарында гуманитарлық минасыздандыру міндеттерін орындауға Бірлескен бөлімшені тарту мүмкіндігі көзделген.

Қазақстан Республикасы мұндай бағыт БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мандатына сәйкес ғана мүмкін болады деп есептейді.


回到顶部