今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тунисте шет мемлекеттен келгендердің барлығы бір апталық карантинге жатқызылады

9 五月 2021 01:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тунис үкіметі 9-16 мамыр аралығында толық локдаун енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

Коменданттық сағат режимі 19:00-ден 5:00-ге дейін әрекет етеді. Сондай-ақ, республикада қалалар арасында жол жүруге, спорттық және мәдени іс-шараларға тыйым салынды, азық-түлік дүкендерінен басқа базарлар мен кәсіпорындар жабылды. 3 мамырдан бастап Тунис билігі елге келгендердің барлығын бір апталық карантиннен өтуге міндеттеді.

Еуропалық комиссияның басшысы коронавирус инфекциясына қарсы вакциналарға патенттерді алып тастау олардың өндірісін қысқа және орта мерзімді перспективада кеңейту мәселесін шешпейді деп хабарлады. Ол жақын арада бұл мәселені шешу үшін қолда бар вакциналармен бөлісіп, олардың өндірісін кеңейтуге қаражат салу керек деп санайды.

Үндістандағы коронавирустың үшінші толқынынан қашып құтылу мүмкін емес, - деп мәлімдеді ел Үкіметінің Бас ғылыми кеңесшісі. Шенеунік елде инфекцияның жылдам таралуына әсер ететін жаңа штамдармен күресу үшін COVID-19 вакциналарын жетілдіру қажет деп ескертті.

Алдағы уақытта вакцина салдырғанға қарамастан, аурудың ауырлығын арттыратын вирустың жаңа нұсқалары пайда болады. Үндістан коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа жағдайлары бойынша әлемде екінші орында.


回到顶部