今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысында Отан қорғаушы күні 200-ге жуық сәби дүниеге келді

9 五月 2021 10:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында Отан қорғаушы күні 182 сәби дүниеге келді. Соның 88-і ұл бала болса, 94-і қыз бала. Бүгінде нәрестелер мен аналардың жағдайы жақсы, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, бір егіз бала дүние есігін ашты.

Айта кетейік, мереке күндерінде кезекші ауысымда нәресте мен анаға дұрыс күтім жасайтын жоғары білікті дәрігерлер, тәжірибелі акушерлер мен медбикелер жұмыстарын атқарды.

Жалпы, жыл басынан бері бала туу көрсеткіші 6,5 пайызға өскен. Ал, сәби өлімі 27,7 пайызға азайған. Осы орайда, ана мен бала саулығын сақтау бағытында іс-шаралар тұрақты түрде жалғаса бермек.

Елімізде бала туу көрсеткіші бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Жыл басынан бері мұнда 20 мыңнан астам сәби дүниге келді.


回到顶部