今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ұлттық банк: Азық-түлік бағасы тұрақтағанымен, жанармай бағасы қымбаттады

6 十二月 2021 17:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қараша айында азық-түліктің қымбаттауы тежеліп, жанармай мен отын бағасы өрши түскен. Ұлттық банктің базалық мөлшерлеме туралы берген түсініктемесінде осындай мәлімет айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандағы жылдық инфляция аздап баяулап, қазан айындағы 8,9%-бен салыстырғанда 8,7% болды. Бұл серпін азық-түлік бағасы өсімінің 11,3%-дан 10,9%-ға дейін және ақылы қызметтерде 6,9%-дан 6,4%-ға дейін баяулауына байланысты болды. Бұл ретте қарашада нан-тоқаш өнімдері мен жарма, ет өнімдері бағасының өсуі жалғасты. Оған өндірушілер шығындарының ұлғаю түрткі болды», - деп жазылған Ұлттық банк мәліметінде.

Банктың талдауына сүйенсек, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы қымбаттай түскен.

«Қарашада жанар-жағар май, қатты отын бағасы өсуінің жалғасуы салдарынан азық-түлікке жатпайтын тауарлардың жылдық инфляциясы 7,8%-дан 8,3%-ға дейін жеделдеді. Жанар-жағар майдың тұтыну бағасын жылдық өлшемде 22,3% болды. Бензин құны 18,4%-ға, дизель бағасы 46,6%-ға өсті. Отынның қымбаттауы өндірушілер бағасының өсуі жағдайында орын алып отыр», - деп топшылайды Ұлттық банк мамандары.

Ұлттық банк дерегі бойынша, ақылы қызметтер бағасының жылдық өсу қарқыны сәл баяулап, жылдық мөлшерде 6,4% болған. Яғни, коммуналдық қызметтер, тамақтану орындары мен шаштараздардың қызметтеріне деген сұраныс сәл азайған. Ал тұрғын үйді жалға алу тарифтерінің өсуі жеделдей түскен.

Айта кетейік, Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,75% деңгейінде өзгеріссіз қалдырғанын мәлімдеді.


回到顶部