今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл облысында QazVac өндіретін зауыт жұмысын бастады

28 七月 2021 17:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Отандық QazVac вакцинасының 600 мың дозасы қоймада тұр. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осындай мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандықтар отандық QazVac вакцинасының тиімділігін енді түсініп, сұраныс артып жатқанда неге Қырғыз еліне 25 мың дозасын жібердіңіздер? Өзіміздің өңірлерде осы вакцинаны таппай қалып жатқандар көп қой».

Орталық коммуникаиялар қызметінде Алексей Цойға БАҚ өкілдері тарапынан осындай сауал қойылды.

«Өңірлерге QazVac вакцинасының 100 мың дозасы жеткізіліп жатыр. Кей өңірлерге жетіп те қойды. Сонымен қатар, 600 мың доза шығарылды. Қазір бұл өнім қауіпсіздік бойынша тексеруден өтіп жатыр. Тамыз айында ол дозалар да ел өңірлеріне жеткізіледі», - деді министр АҚ өкілінің сауалына берген жауабында.

Сондай-ақ, ол Қырғыз Республикасына жіберілген вакина туралы да пкір білдірді.

«Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек туралы айтсақ, көрші ел Мемлекет басшылығынан көмек сұраған болатын. Қазақстан өзі де гуманитарлық көмек алып отырған және көмек көрсететін ел ретінде көрші, бауырлас республикаға жәрдем берген болатын. Сондықтан, бұл Қазақстанның жетістігі деуге болады. Біздің вакцина өзге елдерде де қолданылып жатыр. Әрине, бізден көбірек мөлшерде сұраған болатын. Жамбыл облысында өзіміздің өндірістік алаңды іске қосудың арқасында сіз атаған мөлшерде көмек бердік. Қазір біз белгілі бір өндірістік қуатқа көштік. Қосымша 600 мың доза қоймада тұр», - деді Алексей Цой.


回到顶部