今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жұмаға арналған ауа райы болжамы

30 七月 2021 01:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет 30 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр, найзағай күтіледі, оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде бұршақ жауады. Тек еліміздің батысында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. /

Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстік және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл күтіледі.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ, шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Алматы облысының кей жерінде таңертең және күндіз бұршақ, желдің 18-23 м/с күшеюі күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, шаңды дауыл болады.

Күндіз Түркістан облысының кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл соғады. Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, күндіз Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Павлодар облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 18 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Күндіз Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.


回到顶部