Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

14 маусым күнгі ауа райы болжамы

14 June 2021 04:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 14 маусым күні Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен құбылмалы ауа райы сақталады: кей жерлерде найзағай, жаңбыр, бұршақ күтіледі. Еліміздің тек солтүстігі мен оңтүстігінде күн райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде жел, оңтүстігі мен оңтүстік-батысында шаңды дауыл болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, дауыл, бұршақ болады. Кей жерлерде желдің күші 15-20, 23-28 м/с артады. Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі, кей жерлерінде желдің екпіні 17-22, 25 м/с жетіп, шаңды дауыл тұрады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің екпіні күндіз 23 м/с артып, шаңды дауыл көтеріледі.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, бұршақ болжанады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады.

Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз желдің күші 15-20 м/с құрайды.

Түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, 15-20 м/с екпінде жел тұрады.

Алматы, күндіз Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман болжанады.

Сондай-ақ синоптиктердің ақпаратынша, күндіз Атырау облысының кей жерлерінде, Қостанай облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Қызылорда облысында, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Павлодар облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Up