Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

18 сәуір. Туған күн иелері

18 April 2021 08:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 18 сәуірде тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




62 жыл бұрын (1959) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және аулдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі Сұлтан Мырзабекұлы ДҮЙСЕМБИНОВ дүниеге келді.

Талдықорған облысы Гвардия ауданы Бостан ауылында туған. 1980 жылы Алматы архитектура-құрылыс институтын «құрылыс-инженері», 1992 жылы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін «экономист», 2019 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «заңгер» мамандықтары бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1980 жылы Алматы қаласындағы «Казколхозспецстрой» тресінде бастаған. 1982-1991 жылдары Талдықорған ауданаралық сауда базасы құрылыс бригадасының прорабы, инженерлік-техникалық қызметі бойынша директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 1991-1996 жылдары аралығында Талдықорған қаласындағы «Қаблан» жан-жақты сауда-құрылыс кәсіпорнының директоры. 1996-1998 жылдары аралығында Талдықорған облыстық әкімшілігі жанындағы облыстық экономикалық келісімді реттеу қоры директорының орынбасары. 1998-2001 жылдары аралығында Алматы облысы Ескелді ауданы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары болды. 2001-2011 жылдары аралығында Ескелді ауданының әкімі. 2011-2015 жылдары аралығында Қаратал ауданының әкімі.

2015-2017 жылдары аралығында Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы қызмет атқарды. 2017-2020 жылдары Алматы облыстық мәслихатының хатшысы. Қазіргі қызметінде 2020 жылдың тамыз айынан бері.




58 жыл бұрын (1963) ҚР Жоғарғы сотының судьясы Ерден Рауанұлы ӘРІПОВ дүниеге келді.

Еңбек жолын 1986 жылы бұрынғы Жезқазған облыстық атқару комитетінің нотариат бойынша Әділет бөлімінің аға кеңесшісі лауазымынан бастаған. 1991-1992 жылдары Жезқазған облыстық халық депутаттар Кеңесінің аға кеңесшісі болған. 1992-2000 жылдары дейін Қарағанды облысы Жезқазған қалалық сотының судьясы. 2000-2008 жылдары Қарағанды облысы Балқаш қалалық сотының төрағасы. 2008-2010 жылдары Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы. 2010-2012 жылдары Алматы қалалық сотының кассациялық сот алқасының төрағасы. 2012-2015 жылдары Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы.

Қазіргі қызметінде 2015 жылдың желтоқсан айынан.




42 жыл бұрын (1979) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Әскербекұлы АБАЕВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. 2001 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін үздік бітірген.

Еңбек қызметі: ҚР Сыртқы істер министрлігінде референт, атташе, үшінші хатшы (2001-2003); Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшілігінде үшінші хатшы (2003); Нидерланды Корольдігіндегі ҚР істері бойынша уақытша сенімді өкілі, екінші хатшы (2003-2007); ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінде бөлім бастығы (2007); ҚР Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты (2007-2008); ҚР Президентінің баспасөз хатшысының орынбасары (2008-2009); ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы (2009); Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы, кеңесшісі (2011-2016); Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі (2016-2019). 2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі. Қазіргі қызметінде - 2020 жылдың ақпан айынан.

«Парасат» және «Кұрмет» ордендерімен, мерекелік медальдармен марапатталған.




42 жыл бұрын (1979) Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының прокуроры Саид Аймұханұлы АЙМҰХАН дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығымен тәмамдаған. Еңбек жолын 2000 жылы Зырян ауданы прокурорының көмекшісі м.а. ретінде бастап, кейін Ұлан ауданының, Өскемен қаласы мен облыс прокуратурасының қызметкері, Зырян ауданының прокуроры, ШҚО Риддер қаласының прокуроры болған.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың наурызынан.


Keywords: Күнтізбе,
Up