Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

19 сәуір. Туған күн иелері

19 April 2021 08:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 19 сәуірде тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




73 жыл бұрын (1948) Қазақстан Республикасы Сенатының жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі Светлана Жақияқызы ЖАЛМАҒАМБЕТОВА дүниеге келді.

Ақмола облысында туған. Қарағанды политехникалық институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша (1971), КОКП ОК жанындағы қоғамдық ғылымдар акамедиясын «қоғамдық ғылымдар оқытушысы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы: «Целиноградсельмаш» зауытының Комсомол комитетінің инженер-конструкторы, конструкторлық бюро басшысы, хатшысы (1971-1980); Целиноград қалалық партия комитетінің нұсқаушысы (1980-1982); Ленин ауданы атқару комитеті төрағасының орынбасары (1982-1983); «Целиноградсельмаш» зауытында партия комитетінің хатшысы (1983-1985); Целиноград облыстық комитетінің нұсқаушысы (1985); Целиноград облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары (1985-1987); Совет ауданы партия комитетінің бірінші хатшысы (1987-1989), Целиноград облысы партия комитетінің идеологиялық бөлім меңгерушісі (1989-1991); Целиноград облысы партия комитетінің жастар ісі бойынша төрағасы (1991-1992); Ақмола облысы әкімінің орынбасары, әкімшілік басшысының орынбасары (1992-2003); Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің тұрақты мүшесі, «Ауыл» депутаттық тобы жетекшісінің орынбасары (2003 жылдан бастап); Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мүше елдерінің Парламентаралық Ассамблеясы мүшесі, Румыния Сенатымен, Литва Республикасының Сеймымен, Хортавия Республикасының Парламентімен достастықтағы топ мүшесі (2008-2014); «Евразия + ОРТ» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары (2014 жылдан бастап).

«Құрмет» орденімен (2016); БҰҰ Балалар фонды – ЮНИСЕФ естелік медалімен (2007); Қазақстан Республикасы медальдарымен марапатталған.




64 жыл бұрын (1955) пианиношы, концертмейстер, педагог Жәния Жақияқызы ӘУБӘКІРОВА дүниеге келді.

П.И. Чайковский атындағы мемлекеттік консерваторияны 1979 жылы, ал 1981 жылы аспирантураны профессор Л. Власенконың сыныбы бойынша бітірді.

1979 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында концертмейстрлік қызметін бастап, 1981 жылдан бастап 12 жыл бойы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияда аға оқытушы, доцент, арнайы фортепиано кафедрасының меңгерушілік қызметтерін атқарады, 1993 жылдан профессор, 1997-2018 жылдары Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясының ректоры болды.

Қазақстан мемлекеттік сыйлығымен, Францияның өнер және әдебиеті орденімен, Қазақстан мен Ресей арасындағы достықты бекіткені үшін ІІ Екатерина атындағы 2-дәрежелі «Кавалер» орденімен марапатталды. «Платиналық Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты және Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты.

1983 жылы Францияда өткен халықаралық Маргарет Лонг және Жак Тибо конкурсында, 1985 жылы Халықаралық камералық ансамбльдердің конкурсында Гран-При жеңіп алған.


Keywords: Күнтізбе,
Up