Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

20 маусымда марафонға байланысты Алматы жолдарының бір бөлігі жабылады

15 June 2021 15:35

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы жартылай марафонының ұйымдастыру комитеті жарыс өтетін күні жолдардың ішінара жабылатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

20 маусымда Алматы жартылай марафоны өткізілетін уақытта сағат 00:00-ден 12:30-ға дейін жартылай марафонның жүгіру қашықтығы өтетін жерлерде жолдардағы қозғалыс ішінара жабылады.

Жартылай марафон Тұңғыш Президент саябағынан басталады.

Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Мұстафин көшесінен Назарбаев көшесіне дейінгі жол бөлігінде таңғы сағат 07:00-ден 12:00-ге дейін жабық болады.

Әл-Фараби даңғылының бойында Шашкин көшесінен бастап Назарбаев көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 03:00-ден 11:30-ға дейін жабылады. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

Әл-Фараби даңғылының бойында Науаи көшесінен бастап Розыбақиев көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 06:30-дан 08:00-ге дейін жабық болады. Барлық қозғалыс жолақтары толық жабылады.

Саин көшесі әл-Фараби даңғылынан бастап Абай даңғылына дейін сағат 07:00-ден 12:00-ге дейін жабылады. Батыс жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

Сейфуллин даңғылының бойында әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі қозғалыс сағат 07:00-ден 12:30-ға дейін жабық болады. Барлық қозғалыс жолақтары толық жабылады.

Абай даңғылы Саин көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін сағат 07:20-дан 12:30-ға дейін жабық болады.

Солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.


Up